Мәселен жұмыртқа - 559 теңгеден 465 теңгеге дейін (16,8% - ға), қарақұмық жармасы - 321 теңгеден 219 теңгеге дейін (39,5% - ға), күнбағыс майы - 680 теңгеден 593 теңгеге дейін (12,8% - ға) арзандаған.
Одан бөлек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін мынадай тауарлардың құны түскен: күріш - 418 теңгеден 392 теңгеге (6,2% - ға), қырыққабат - 134 теңгеден 127 теңгеге (3,1% - ға), пияз – 105-тен 102-ге дейін (2,9%), рожки - 292 теңгеден 285 теңгеге дейін (2,4% - ға), бірінші сұрыпты бидай ұны - 272 теңгеден 247 теңгеге дейін (2,2% - ға).
Жыл басынан Қызылорда облысы бойынша азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның 42 отырысы өтті. Нәтижесінде 36 делдалдық схема анықталып, қажетті шаралар қабылданды.
09:44, 15 Қазан 2024
Қызылордада жұмыртқа 16% арзандаған
АСТАНА. KAZINFORM - Қызылорда облысында жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сегіз түрінің бағасы айтарлықтай арзандаған, деп хабарлайды ҚР Сауда комитетінің баспасөз қызметі.