Қызылордада жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері 11,2%-ға азайды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — 2026 жылғы 1 қазанға дейін облыста 11609 заңды тұлға тіркелді.

Фото: accountingweb

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті хабарлағандай, оның 10514-і жұмыс істеп тұр.

Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

— Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 60827 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 58977 болып, 11,2%-ға азайғаны байқалады, — деді департамент басшысы Қайрат Әбсұлтанов. 

Ұлттық статистика бюросының деректерінде көрсетілгендей, Қызылорда облысында 2026 жылдың II тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 418 672 теңгеге жетті. Аталған көрсеткіш өңірдегі еңбек нарығы мен халықтың табыс деңгейін сипаттайды.

Еске салайық, Президент Жолдауында айтылғандай, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 85 мыңнан 110 мың теңгеге көтеріледі.