Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 қарашада 15:55-те 101 байланыс желісіне «Кимчи» кафесінде өрт шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.
— Департаменттің күш-құралдары оқиға орнына жетіп, Абай даңғылы № 1 мекенжайда орналасқан «Кимчи» кафесінде газ-ауа қоспасының жылыстануы салдарынан өрт оқиғасы болғаны анықтады. Өрт ошағынан екі газ баллоны шығарылды. Өрттің салдарынан кафенің екі жұмысшысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген, — делінген хабарламада.
Мамандар өрттің шығу себебін зерттеп жатыр.
Еске салайық, жыл басынан бері облыстағы өрттің басым бөлігі тұрғын секторы (233) мен автокөліктерде (111) тіркелді.