- Қызылорда облысындағы жағдай бойынша айтсақ, бірнеше үкім шықты. Әріптесімнің айтқанына келсек, иә, тағы екі қылмыстық іс өндірісте бар. Бұл жағдай аяғына дейін тексеріліп, пысықталады. Қылмыстық істі тергеуді аяғына дейін жеткіземіз, - деді ол.
Бұған дейін Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу оқиғасы бойынша 9 адамға сот үкімі шыққан болатын.
Оның алдында жасөспірім қызды есірткі тұтынуға көндірген адам сотталған еді.