Сырдария ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеуден қасақана жалтарған тұрғынға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
– Алимент төлеуге мүмкіндігі бола тұра ол 9 жыл бойы міндетін орындамай, әрекетсіздік танытқан. 2016 жылдан бастап берешек сомасы 8 173 713 теңгеге жеткен. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 26 мамырдағы үкімімен борышкер ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Шымкент қаласында прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп, алимент өндіруге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.