ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар саласының мамандары қазір Қостанай және Ақтөбе облыстарында тасқын суға қарсы күрес жұмыстарын жүргізіп келеді.
Бүгінде Қостанай және Ақтөбе облыстарында қызылордалық 66 құтқарушы қызметін атқарып жүр. Олардың еншісінде 9 арнайы техника, 4 қайық, 20 мотопомпа бар.
«Ал еріктілер барлық аудан мен Қызылорда қаласынан 112 тонна гуманитарлық көмекті Ақтөбе қаласы мен Қобда ауданына 25 жүк көлігімен жөнелтті. Оның ішінде ақтөбелік тұрғындарға қажетті азық-түлік, көрпе-төсек, гигиеналық құралдар, дәрі-дәрмек, құрылыс заттары бар. Оған қоса Ақтөбе облысында ашылған есепшоттарға көмек ретінде қомақты қаржы аударылды. Тасқыннан зардап шеккен басқа өңірлерге де гуманитарлық көмек көрсету үшін «Жастар орталықтары» жанынан, сауда үйлері мен базарлардан пункттер ашылған. Бұл бастаманы Сыр өңірінің жанашыр азаматтары мен еріктілер қолдап, өз үлестерін қосуда», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.