ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда полицейлері есірткі қылмысы бойынша күдікті деп танылып, төрт жыл бойы тергеуден бой тасалап жүрген адамды Алматы қаласында ұстады.
Бұл бағытта Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері іздестіру шарасын жүргізді.
«Нәтижесінде есірткі қылмысын жасады деген күдікке ілініп, 2020 жылдан бері іздеуде жүрген қала тұрғынын қолға түсті. Жедел уәкілдер 42 жастағы күдіктіні Алматы қаласында жалдамалы пәтерде ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 200 млн теңгеге жуық қаржы жымқырған 9 адамға қатысты үкім шықты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.