Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, халықаралық деңгейдегі дүбірлі додада Сыр елінің мақтанышы жекелей сында да, үш тәсілдің қорытындысы (тотал) бойынша да топ жарып, чемпион атанды.
– Спортшымыз сонымен қатар 78 келі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен жастар арасында Азия рекордын жаңартты. Оны жарысқа пара пауэрлифтингтен аға жаттықтырушы Бақытбек Рысбаев жаттықтырды, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, биыл І тоқсанның қорытындысы бойынша отандық спортшылар халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсеткенін хабарлаған едік.