Егіздердің бірі Кәусар 140 балл, ал Гауһар 139 балл жинады.
- Олар ағылшын тілі мен дүниежүзі тарихы пәндерін таңдаған. Сонымен қатар IELTS халықаралық емтиханынан 7.5 балл жинап, халықаралық сертификат иегері атанды. Бұл жетістік – табандылықтың, тынымсыз еңбектің және білімге деген құштарлықтың жемісі, - деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Бұған дейін Түркістан қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінде оқитын 11 сынып оқушылары Айсұлтан Жаңбырбай мен Жасур Нышанбаев Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары нәтиже — 140 ұпай жинады.