Қызылордалық жас химик Менделеев халықаралық олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қызылорда облыстық Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арен Теңізбаев Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасында алтын медаль иегері атанды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Химиядан әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірі саналатын International Mendeleev Chemistry Olympiad байқауына 37 елден, атап айтқанда Қазақстан, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Солтүстік Македония, Израиль, Түркия, Әзербайжан, Иордания, Коста-Рика, Тайланд, Египет, Өзбекстан, Куба, Чад Республикасы, Моңғолия, Түрікменстан, Бразилия, Армения, Тәжікстан, Камерун, Бангладеш, Вьетнам, Ботсвана, Нигерия, Беларусь және Қытай елдерінен 200-ге жуық мектеп оқушысы қатысты.

Қазақстан құрамасы сайыста 1 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Алтын медаль:

Теңізбаев Арен - Қызылорда облыстық Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Күміс медаль:

Жақсылықов Ансар - Астана қаласы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;

Жеңісханова Айзере - Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

Қалдыбай Меңдіғали - Астана қаласы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;

Сейітқазиев Нұрсейт - Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Қола медаль:

Полетаев Данил - Алматы қаласындағы №134 лицейінің 11-сынып оқушысы;

Қали Әбілмансұр - Астана-Нұра физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;

Айтжанов Алидар - Қарағанды қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

Ибраимов Абдижан - Астана қаласындағы халықаралық NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

Махмутов Мансур - Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жүлдегерлерді дайындаған жетекшілер - PhD, Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Бақытжан Елдана және «Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты» мекемесінің 2-курс студенті Сәрсенбай Айдос.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан құрамасы 11 оқушыдан құралған болатын. Олар 7 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған еді.

Алматылық оқушы БҰҰ штаб-пәтерінде әлемнің үздік 3 жас инноваторының қатарына енгенін жазған болатынбыз.