Ол жергілікті футбол клубын 2025 жылдың қарашасынан бастап жаттықтыруға кіріскен болатын.
Андрей Ферапонтов бұрын бас бапкер лауазымын «Мақтаарал» футбол клубында бастап, «Оқжетпес» командасында жалғастырған.
«Ақтөбе», «Ордабасы», «Қайрат», беларусьтік «Рух» командаларының бапкерлік штабында қызмет атқарған.
Ақпаратқа сәйкес ол кеше өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпестен» жеңілгеннен кейін қызметінен кету туралы өтініш берген.
Еске салайық, «Қайсардың» қарқынына көңілі толмаған жанкүйерлер бұған дейін одан орнын босатуды талап етті. Клубтың бас бапкері ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат республикалық БАҚ-та жарияланып, клубтың баспасөз қызметі ешбір бапкермен келіссөз жүргізіліп жатпағанын мәлімдеді.