ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында бүгін Тасбөгет кентінің кіреберісіндегі жоғары қысымды газ желісінде ақау болды. Салдарынан ақау шыққан аумақтағы тұтынушылар газдан ажыратылды.
Аталған оқиғаға байланысты Қызылорда қаласының әкімдігі түсініктеме берді.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы биылғы жылдың 29 наурызы күні Тасбөгет кентінің кіреберісіндегі жоғары қысымды газ желісінде ақау тіркелгенін анықтады.
«Төтенше жағдайдың алдын алу үшін ақау шыққан аумақтан тұтынушыларға берілетін көгілдір отыны ажыратылды. Апатты бригадамен ақауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйлерді газға қайта қосу жұмыстары таңғы уақытта жүргізіледі. Келтірген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - деп атап өтті әкімдіктен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.