«Балаларға келсек, негізі 2079 бала стационарлық ем алып жатыр. Күнделікті 300-ден астам бала шығарылып, 400-ге жуық бала түсіп жатыр. Оның ішінде 2911 төсек орны бар. Бұл балаларға белгіленген. Оның ішінде 139 реанимациялық төсек бар. Қазір ол төсектердің пайдаланылуы – 52 пайыз. Бүгінгі таңдағы жағдай бойынша 29 бала реанимацияда болды. Оның ішінде 11-і бір жасқа дейінгі бала, 13-і үш жасқа дейінгі бала», - деді ол.
Маманның сөзінше, бұл балалардың жағдайына тұрақты мониторинг тағайындалған.
«Сондықтан әр баланың хал-жағдайы бақылауда ұсталып, өңірлерге қажетті консультациялар жүргізіледі. Бұл 29 баланың жағдайы орташа деп белгіленген. Сонымен қатар күнделікті график бойынша бүкіл медициналық ұйым дәрігерлерін оқытып жатырмыз», - деді Әйгерім Оспанова.