АСТАНА. KAZINFORM - Петропавлдың «Қызылжар» командасы қатарынан бес жеңілістен кейін алғаш рет жеңіске жетті.
Петропалдық команда Премьер-лига командалары арасындағы 23-турда өз алаңында «Атырау» командасын қабылдады.
Кездесу барысында «Қызылжар» сапынан Рафаэль Сафино 16 Рубен Бриджидо 66, Евгений Березкин 79-минутта мергендік танытса, атыраулық клубтан Александр Нойок 30, 88-минутта екі голмен қайырды.
Осылайша «Қызылжар» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.
Дәл қазір «Елімай» мен «Астана» клубтары кездесіп жатыр.
Сондайқ-ақ бүгін «Қайсар» (Қызылорда) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары кездеседі.
Аталған турда 19 қазанда қостанайлық «Тобыл» Шымкенттің «Ордабасы» командасынан, астаналық «Жеңіс» Талдықорғанның «Жетісуынан» 1:0, алматылық «Қайрат» түркістандық «Тұраннан» 1:0 есебімен басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.