Осы мәселе бойынша Kazinform тілшісі Ақмола облысы Полиция департаментіне сауал жолдады.
«Сіздің сауалыңызға зорлау дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Күдіктінің кім екені анықталды. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп жауап берді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомстводан атап өткендей, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Желідегі жазбада оқиға маусымның 20 мен 21 аралығында түнде Көкшетау қаласындағы көңіл көтеру орталығында болған.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмолада алаяқтық жасады деген күдікпен түрме бастығы ұсталғанын жазған едік.