«Бүгін кеңейтілген отырыстан кейін, Президент нақты тапсырмалар бергеннен кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінде жаңа тәсілдер қолға алынатын шығар. Мен тек өз министрлігіме ғана жауап беремін», - деді министр Үкіметтің кеңейтілген отырысы алдында БАҚ өкілдерінің сұрағына орай.
«Жаңа Премьер-Министр талапшыл деп жатыр. Ол талаптарға сай келуге дайынсыз ба?» - деп сұрады журналист.
«Әрине, Премьерді әрқашан тыңдау керек, біз Үкімет мүшесіміз ғой. Бірге жұмыс істейміз, бірге жылжимыз», - деді Айдарбек Сапаров.
«Орынтағыңыздан айырылып қалам деп қорықтыңыз ба?» - деген сұраққа министр: «Ешқандай қорқыныш болған жоқ. Әрдайым сенімді жұмыс істеу керек. Біз – әскерміз, қайда жұмсаса, сонда барамыз», - деді ведомство басшысы.