Ұшқыштар жарықтандырылған ұшу жолағы бойынша бірнеше жоспарлы ұшулар мен қонуларды және белгіленбеген алаңға қонуды орындады. Орташа биіктіктерде пилотаждау шеберлігін пысықтап, түнгі жағдайларда тікұшақты қолдану жауынгерлік мүмкіншіліктерінің машығын бекіте түсті.
Ми-171Ш тікұшағының экипажы түнгі көру аспаптарының кешенін қолдана отырып, оқу-жаттықтыру ұшуларын орындады. Ұшулардың міндетті түрдегі элементтері арасында ANVIS AN/ABS-6 авиациялық көзәйнектерін қолдана отырып, түнгі көру жүйесін пайдалану болды.
«Түнгі жағдайларда тікұшақты басқару үшін арнайы дайындалған бұл көзілдіріктер ұшу құрамын дайындаудың күрделі элементтерінің бірі болып табылатын авиациялық қару-жарақты жауынгерлік қолдануды қоса есептегенде, ұшу, қону және өзге де операцияларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда пилотаж ұшу құрамын дайындаудың күрделі элементтерінің бірі болып табылады», - деп Ми-171Ш тікұшағы экипажының командирі аға лейтенант Асхат Сейілов.
2017 оқу жылғы әскерлердің қорытынды тексерісті тапсыруы шеңберінде авиацияның жауынгерлік әзірлігінің шынайы жай-күйін айқындау үшін ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК 53975, 30153, 54835 әскери бөлімдері армиялық авиацияның бір-бір эскадрильясы дабыл белгісі бойынша кенеттен көтерілді. Тексеру барысында ұшу құрамы пилотаждау, межеге дөп шығу шеберлігі, шартты қарсыласты жою, сондай-ақ жауынгерлік қолдануға ұшуларды орындау дағдылары бойынша бағаланды.