ҚК Қару-жарақ Бас басқармасының бастығы 11 жылға бас бостандығынан айырылады - Бас прокуратура

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қару-жарақ Бас басқармасының бастығы генерал-майор А. Әсенов, сондай-ақ «Укрспецэкспорт» МК өкілдері О. Школяренко және О. Хрульовқа қатысты үкім жарияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

«А. Әсенов аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін (ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлігі) 11 жылға қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеуге бас бостандығынан айыруға, О. Школяренко және О. Хрульов аса ірі мөлшерде пара бергендері үшін (ҚР ҚК 312-бабының 5-бөлігі) әрқайсысы 6 жылға қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеуге бас бостандығынан айыруға сотталған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Үкімнің заңдылығы апелляциялық мерзімде тексерілетін болады» делінген баспасөз баянында.