Бұндай мәлімдемен ол облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукеновпен кездесу барысында айтты. Онда Каспий құбыржелісі консорциумының қуатын жылына 26 миллионнан 67 миллион тоннаға дейін арттыру жөніндегі жоспарлары талқыланды.
«Біз облыстың әлеуметтік мәселелерін шешуге белсене атсалысамыз. Қазірдің өзінде Махамбет және Индер аудандарында екі балабақша салу және 8 мектепті жөндеуден өткізу жайлы шешім қабылданды», - деді Н.Платонов.