КҚК Теңіз терминалында 1 айда рекордтық мұнай тиелді

АСТАНА. ҚазАқпарат  2017 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша Каспий құбыры консорциумның Теңіз терминалында 4 929 486 тонна мұнай (38 990 365 баррель) тиелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл Теңіз-Новороссийск мұнай тасымалдау жүйесін пайдалану тарихында бір ай ішінде тиелген рекордтық көлем. Жыл басынан бері 13 014 080 тонна мұнай (102 883 780 баррель) тиеліп, жөнелтілген», - делінген консорциум баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетерлігі, мұның алдындағы рекорд 2016 жылғы желтоқсанында орнатылған. Онда бір айда танкерлерге 4 517 286 тонна (35 729 373 баррель) мұнай тиелген.

Жалпы, консорциумның бүкіл тарихында Теңіз терминалынан 4,5 мыңнан астам мұнай құюға арналған кеме тиелген.  Оларға 480 млн тонна мұнай тиеліп, экспортқа жөнелтілген.