КҚК терминалы маңында тағы дрондар байқалды - Энергетика министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – 8 қыркүйекте Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы маңында ұшқышсыз ұшу аппараттарына қатысты оқиға тіркеліп, мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.

Фото: Tom Fisk/Pexels

Ведомство мәліметінше, оқиғаға байланысты ВПУ-3 және ВПУ-2 айлақ құрылғыларында мұнай тиеу операциялары уақытша тоқтатылған.

КҚК-ның жүк тиеу жүйелері мен танкерлерінің жағдайына қажетті тексерулер жүргізілген.

– Қажетті тексерулерден кейін КҚК-ның жүк тиеу жүйелері мен танкерлерінде мұнай тиеу операцияларын одан әрі жүргізуге кедергі келтіретін ақаулар анықталған жоқ. Қоршаған ортаға әсер ету деректері тіркелмеді. Осыдан кейін мұнай тиеу операциялары қайта басталды. Қазіргі уақытта жұмыстар штаттық режимде жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Министрлік қазақстандық мұнай жөнелтушілерден шикізат қабылдауға ешқандай шектеу енгізілмегенін атап өтті.

Бұған дейін Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдардың салдарына байланысты Қазақстанның 2026 жылға арналған мұнай өндіру жоспары 98 млн тоннадан 96 млн тоннаға дейін төмендетілгенін хабарлаған болатын.

КҚК теңіз терминалына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен байланысты бұған дейінгі оқиғалар шілде айында тіркелген. Сол кезде консорциум теңіз терминалы акваториясындағы екі танкерге шабуыл жасалғанын мәлімдеген еді.