— ҚҚС есебінен баға өсіміне тоқталсақ, тиісті есеп-қисап барысында қосымша 3 пайызға дейін инфляция болуы мүмкін екені анықталды. Осы инфляциялық модельді Ұлттық банкт те растады. Сондықтан жалақыны, зейнетақыны және жәрдемақыны индекстеу қажет болады. Бұл тұрғыда қосымша 600 млрд теңге керек. Атап айтқанда, қосымша 4-5 трлн теңге (жаңа Салық кодексі аясында ҚҚС 16 пайыз болса) жиналатынын ескерсек, бұл сома индекстеу бойынша шығыстарды жабуға мүмкіндік береді, — деді Азамат Әмрин.
Еске салсақ, 9 сәуір күні Парламент Мәжілісі Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Бұл ретте қосылған құн салығы 16 процент болады. Ал қосылған құн салығының шегі 40 млн теңге мөлшерінде белгіленеді.
Атап айтқанда, ҚҚС-тің төменгі шегі 40 млн теңге болса, жылына қосымша 4-5 трлн теңге салық түсімдері келеді. Ұлттық қорға тәуелділік төмендеп, бюджет өзін-өзі қамтамасыз етеді.