ҚҚС туралы шешімді келесі аптада айтамыз — Азамат Әмрин

Фото: Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин Сенатта өткен дөңгелек үстелден кейін өткен баспасөз мәслихатында ҚҚС жаңа мөлшерлемесі туралы шешім қашан қабылданатынын айтты.

Журналист аталған ұсыныстың қала бюджетіне түсетін салыққа қалай әсер ететінін сұраған.

— Өздеріңіз білесіздер, заң жобасы Мәжілісте жатыр. Ол мәселені қарап, түрлі есептер жүргізіп отырмыз. Келесі аптаның аяғына дейін жалпы көрініс айқындалады деп ойлаймын және біз оны мәлім етеміз. Оның ішінде ҚҚС мөлшерлемесі де, ҚҚС салынатын айналым шегі де, оңтайландырылған салық режимі де бар. Шешімді келесі аптаның аяғында мәлім етеміз, — деді вице-министр.

Еске салсақ, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкіметтің қосылған құн салығын көтеру бастамасын қолдайтынын айтқан еді.