ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин классикалық спринттік сайыста финалға жетпей сүрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол классикалық спринттік сайыстың ширек финалында төртінші орынға табан тіреді. Финалға бірінші және екінші орындарға қол жеткізген спортшылар шығатын болғандықтан, бұл көрсеткіш Полтораниннің финалға шығуына жеткіліксіз болды.
Бұл сайыста бірінші және екінші болып мәре сызығын кескен норвегиялық Йоханнес Клейбо мен швециялық Теодор Петерсон финалға шықты.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.