Британдық боксшы WBO нұсқасы бойынша чемпиондық атаққа міндетті үміткер болып табылады, алайда Владимир Кличко әзірше 2015 жылдың күзінде болуы тиіс кездесуге келісімін берген жоқ. Фьюридің промоутері Фрэнк Уорреннің мәлімдеуінше, украиндық боксшының командасы өтукізілуге тиіс жекпе-жекке қатысты келісімге келер емес.
«Біз Кличконың командасына «жекпе-жекті наурыз айында неге өткізбеске?» деген сұрақпен хат жаздық. Алайда олар еш жауап бермеді. Менде ешбір ақпарат жоқ. Бұл жекпе-жеке Кличконың жақында өткен жекпе-жегінен кейін өтуі тиіс», - деп жазады Уорреннің сөздерін Daily Mail.
Естеріңізге сала кетейік, Владимир Кличко сондай-ақ суперауыр салмақтағы WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие.