Өткен жұмада Поветкин неміс боксшысы Мануэл Чаррды 7 раундта нокаутқа түсіріп, Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығының континентаралық чемпионы титулын (WBC) жеңіп алған болатын.
Кличко ресейлік боксшыны жеңісімен құттықтағанын және онымен екінші мәрте шаршы алаңға шығуға дайын екендігін айтқан. «Менің ойымша, егер бұл жекпе-жек өтсе, тек Киевте өтеді. Себебі, бірінші кездесуіміз Мәскеуде болған, енді рет бойынша Киевте өткені жөн. Мұнда «Олимпийский» атты керемет комплекс бар», - деп атап өтті ол.
Өткен жылдың қазанында Кличко Поветкинді төрешілердің шешімі бойынша ұпай санымен жеңген. Айта кетейік, сол жолы орыс боксшысы өз карьерасында тұңғыш рет жеңілген болатын.