Ол Украина президенті Януковичтен Ресей президенті Владимир Путинмен газдың бағасына жеңілдік жасау және 15 миллиард доллар көлемінде инвестиция алу туралы қандай жағдайларда келіскені туралы нақты ақпаратты талап етуде.
Кличко инвестициялар Украинаның газ тасымалдау жүйесін кепілге қою арқылы да алынған деген болжам айтты.
17 желтоқсанда Ресей және Украина президенттері Мәскеу Украинаның құнды қағазына Ресейдің ұлттық әл-ауқат қорынан 15 миллиард доллар салатыны туралы келіскені белгілі болды. Сондай-ақ, Путин мен Януковичтің кездесуінен кейін Ресейдің «Газпром» мекемесі Украинаға газдың бағасын үштен бір есеге төмендеткені хабарланды.