Климат жөніндегі Париж келісімі 4 қарашада күшіне енеді
04:28, 06 Қазан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Климат жөніндегі Париж келісімі 4 қарашада күшіне енеді. Бұл турал БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун хабарлады.
«Бұрын іске асатына сенбейтін едік, енді қарқынын баяулата алмаймыз», - деді ол. 5 қазанда құжатқа Еуропаның жеті елі қосылды, оның ішінде Германияда бар. Таяуда Еуропарламент құжатты мақұлдады, деп dw.com хабарлайды .
Климаттың өзгеруінің алдын алу жөніндегі жаһандық келісім 2015 жылы желтоқсанда жасалды. жасалған. Ол құжатты оған қатысушы 55 мемлекет мақұлдаған соң 30 күнен соң күшіне енеді. Бұл елдерге жаһандық шығарындылардың 55 пайызы тиесілі. 5қазандағы жағдай бойынша келісімге 72 мемлекет қосылды, оларға жердегі көмірқышқыл газының шығарындыларының 57 пайызы тиесілі.