ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Ресейдің теннис қауымдастығының президенті Шәміл Тарпищев осылай мәлім етті.
«Негізінде ол Дэвис кубогінде сирек ойнайды. Соның ішінде тек өтпелі ойындарда және өзінің елінде өтетін матчтарға ғана қатысады. Оның бас себебі тым тығыз кестеде. Бұл ATP, WTA және Халықаралық теннис федерациясының арасындағы келіспеушіліктен туындайды», дейді ол.
«Әрине, US Open турнирінің финалдық кезеңіне дейін жеткен көшбасшылардан климатқа бейімделу, ауыртпалықтар сынды жайттар өте көп күш алады. Сондықтан олар жарыс таңдайды. Егер бұл бәсеке Еуропада өткен болса, Федерер қатысар еді деп ойлаймын», деп атап көрсетті ол.
Қыркүйектің 17-сі мен 19-ы аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында «Дэвис кубогы» жарысы аясында Швейцария құрамасы Қазақстан құрамасымен кездеседі. Қазақстан атынан Андрей Голубев, Евгений Королев, Михаил Кукушкин және Юрий Щукин өнер көрсетсе, Швейцария тарапынан Станислас Вавринка, Марк Сьюдинелли, Мишель Ламмер және Ив Аллегро шығады.