Бұл туралы АЗЕРТАДЖ ecoportal-ға сілтеме жасап хабарлайды.
2011 жылдан бастап, АҚШ-тың оңтүстік өңірлерін, әсіресе Калифорния тұрғындарының 98 пайызын қамтыған, бұл аймақтағы орманның түгелге жуығына әсер еткен құрғақшылық белең алды.Осы уақыт аралығында мұндағы ағаштардың көбі қурап қалды.
Ғалымдардың бағалауынша, тек соңғы бес жылда Калифорния 67 текше шақырымға жуық суды жоғалтқан. Өткен жылғы желтоқсанның аяғына қарай жағдай өте қиындаған. Бірақ қаңтарда бірнеше рет жауған нөсер жаңбырдан соң штат билігі құрғақшылықтың аяқталғанын мәлімдеген еді. Дегенмен климатологтар жағдай қайта өзгеруі мүмкін деген қауіпте.