Жаңа климаттық жағдайда дамудың экономикалық сипаттарына терең зерттеу жүргізген Дүниежүзілік банктің сарапшылары осындай қорытындыға келіп отыр. Зерттеулер Нидерланды, Швейцария және Ұлыбритания үкіметтерінің қаражатына жүргізілді
Дамушы елдер климаттың өзгеруінің әлеуетті салдарына, яғни инфрақұрылымға, құрғақшылыққа, ауыл шаруашылығы өндірісінің қысқаруына дайын болуы керек. Сарапшылар, бейімделу жөніндегі алдын-ала шаралар тәуекелдерді азайтып, келешекте қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді, деп санайды. Зерттеушілер, Шығыс Азия, Тынық мұхиты аймағы, Латын Америкасы және Кариб теңізі елдеріне, сондай-ақ Сахараның оңтүстігінде орналасқан африкалық мемлекеттерге бейімделуге көбірек қаржы керек болады, деген қорытындыға келіп отыр.