Бұған дейін Wikileaks порталы Билл Клинтон қорының (Clinton Foundation) қызметкері мен президенттікке үміткер Хилари Клинтонның сайлауалды штабын басқаратын Джон Подестаның бір-біріне жазған хабарламаларын жариялаған еді. Онда Б.Клинтонның 65 жасқа толуына орай, оған Катар үкіметінің 1 миллион доллар сыйлауға және жеке кездесуге ниетті екені айтылған. Агенттіктің хабарлауынша, осы аптада Қор өкілі Брайан Кукстра (Brian Cookstra) Катардан 1 миллион доллар «сыйға алғанын» растады және оның айтуынша, бұл сома Қордың қайырымдылық қызметінде Катар үлесін «материалдық арттыру» үшін алынбаған. Б.Клинтон қорының өзге мемлекет қаражатын қабылдағаны үшін АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтон сынға ұшырады. Олар қайырымдылыққа қаржы аударғандар қор Х.Клинтон АҚШ Мемлекеттік департаментін басқарып тұрған кезде көмек алуы және жеңілдіктерге ие болуы мүмкін деген күдік келтіруде.
11:59, 05 Қараша 2016
Клинтон қоры Катардан миллион доллар «сыйға алғанын» мойындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон қорының өкілі экс-президенттің туған күніне орай, қорға Катар үкіметінің 1 миллион доллар көлемінде ақша аударғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.