«Бүгінгі Клинтон мен Аннан кездесуі уақытының басым бөлігінде Сириядағы саяси билікті беру бойынша стратегия әзірлеу және арнайы елшінің жоспарын орындау (жанжалдасушы тараптармен) үшін халықаралық күштерді біріктіру мәселесі талқыланды», - деп хабарлады АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Виктория Нуланд.
Оның атап өтуінше, АҚШ Ресеймен Сириядағы ахуалды реттеу мәселелерін талқылауда және ресейлік өкілдермен тұрақты байланыста.