Клинтон сайлаудағы жеңісінің құрметіне отшашуға тапсырыс берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтон 8 қарашада сайлау учаскелері жабылғаннан кейін 30 минуттан соң Нью-Йоркте отшашу атуды жоспарлауда.

Бұл туралы New York Post газетінде жазылды, деп хабарлайды ТАСС.

Басылымының ақпаратына сәйкес құқық қорғау органдары мен өрт сөндіру департаментінің қызметкерлеріне дауыстарды есептеу өтетін орынға жақын жерде, Гудзон өзенінің маңында пиротехникалық шоу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындалуды тапсырған. Газет дереккөздері   отшашу штатта дауыс беру аяқталғаннан кейін жарты сағаттан соң, сағат 21.30-да басталады, деп мәлім еткен.