Американдық Шарлотт қаласында сайлауалды митингте сөйлеген Клинтон Барак Обаманың АҚШ президенті лауазымында атқарған жұмысына баға берді. Ол оны «елімізді қалай қауіпсіз және күшті қылу керек екенін білетін президент» деп атады, деп хабарлады РИА Новости.
«Дональд Трамппен салыстырыңыздар. Америка дағдарысқа ұшырағанда оны Ақ үйде елестете аласыздар ма? Біздің президентіміздің әр сөзін әлем мұқият тыңдайды. Ал Трамп біздің президентіміз және бас қолбасшымыз болуға қабілетсіз», - деп атап өтті ол.