KLM Амстердамнан Астанаға әуе рейсін ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - KLM (Корольдық голландтық әуе жолдары) әуе компаниясы ұзақ қашықтықтағы әуе тасымалдары бойынша қызметтерін кеңейтуде, Қазақстандағы қазіргі рейстеріне Алматы қаласы арқылы Астанаға ұшу рейсін қосты.

Алматы мен Астана рейстері 3 мамырдан бастап аптасына төрт рет (сейсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі) айналма рейс түрінде төрт рет: Амстердамнан Астана арқылы Алматыға және қайтадан Амстердамға екі рет (сейсенбі, жұма) және Амстердамнан Алматы арқылы Астанаға және қайтадан Амстердамға екі рет сәрсенбі, жексенбі) ұшатын болады. Жаңа бағдар Амстердам-Астана-Алматы рейсі 3 мамырдан басталады.

Амстердам-Астана-Алматы рейстерінің кестесі (жергілікті уақыт бойынша)

3 мамырдан басталады, айналма рейс Амстердамнан сейсенбі, жұма күндері жергілікті уақыт бойынша сағат 15:10 ұшып шығып, Астанаға жергілікті уақыт бойынша сағат 00:50 ұшып келеді. Ол Алматыға жергілікті уақыт бойынша сағат 02:00 жөнелтіліп, мұнда жергілікті уақыт бойынша сағат 03:45 ұшып келеді. Осыдан кейін рейс Алматыдан жергілікті уақыт бойынша сағат 05:10 ұшып шығып, Амстердамға жергілікті уақыт бойынша сағат 08:15 ұшып келеді.

Амстердам-Алматы-Астана рейстерінің кестесі (жергілікті уақыт бойынша)

4 мамырдан басталады, айналма рейс Амстердамнан сәрсенбі және жексенбі күндері жергілікті уақыт бойынша сағат 15:10 ұшып шығып, Алматыға жергілікті уақыт бойынша сағат 01:40 ұшып келеді. Ол Алматыдан жергілікті уақыт бойынша сағат 03:45 жөнелтіліп, Астанаға жергілікті уақыт бойынша сағат 04:55 ұшып келеді. Осыдан кейін рейс Астанадан жергілікті уақыт бойынша сағат 06:10 ұшып шығып, Амстердамға жергілікті уақыт бойынша сағат 08:15 ұшып келеді.

Рейстерге Airbus A330-200 лайнері қызмет көрсетеді. «KLM» әуе кемесінің бортында үш жолаушы класын: бизнес-класты 30 орын, эконом-комфорт класты 35 орын, эконом-класты 178 орын ұсынады. Эконом-комфорт класы аяққа қосымша 10 см кеңістік беріледі, шалқайып отыруға болатын кресло ұсынылады, сыртқа шығу кезінде басымдылық береді.

KLM авиабилеттерін туристік агенттіктер арқылы және www.klm.kz сайты арқылы броньдауға болады.