Бұл оқиға Батыс Виргиниядағы Capon Valley бөлімшесінде болған. Қылмыскерлер белгісіз бағытқа із суытқан, штат полициясы тексеру жүргізуде, ықтимал куәгерлерді іздестіруде.
Тонаушылар банкке басып кіріп, қарумен қорқытып, қолда бар қолма-қол ақшаны алып кеткен (банк қанша ақша ұрланғанын хабарламай отыр). Ақша қолға тигеннен кейін олар машинамен зытып отырған.
Былай шыға машинаны тастап, өрт қойып, басқа бір көлікпен кетіп қалған. Полиция қолда бар бейнебақылау материалдарын жариялады.
Бүгінде бетперде мен әртүрлі костюмдер киіп ұрлау классикалық криминалдық жанрға айналды. 2013 жылы Флордида Темір адам бетпердесін киген ер адам банкті тонаған. Ал Ұлыбританияда жасанды мұрт қойған әйел парфюмерия дүкенін үптеп кеткен. Ал Қырымда Мыстан кемпір кейпіндегі қаскөй дүкендегі ақшаны сыпырып кеткен болатын.