Клуб қызметкерлері өзара сайысқа түсті - Қызылорда облысы
09:38, 03 Шілде 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Сырдария аудандық және ауылдық мәдениет үйлерінің директорлары мен меңгерушілері және көркемдік жетекшілер мен сүйемелдеушілер арасында «Клуб - ауылдың айнасы» атты кәсіптік байқаудың іріктеу кеңесі болып өтті.
Байқау барысында қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Әр топ жаңа технологиялық құралдарды пайдалана отырып, өз ауылдары жайында буклет дайындап, көрме ұйымдастырды.
Шара соңында жеңімпаздар анықталып, Н.Ілиясов атындағы клуб меңгерушісі К.Құдабаева және С.Сейфуллин ауылдық клуб меңгерушісі Е.Әбдіреева облыстық «Клуб - ауылдың айнасы» тақырыбындағы байқауға қатысуға жолдама алды.