Клубтар арасындағы ӘЧ: Бүгін «Флуминенсе» мен «Челси» финал жолдамасына таласады

Фото: championat.com

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында бүгін жартылай финалда «Флуминенсе» (Бразилия) мен «Челси» (Англия) шеберлік байқасады.

Кездесу қазақстандық уақытпен сағат 23:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Топтық кезеңде «Флуминенсе» F тобында Германияның «Боруссия Дортмунд» және Оңтүстік Африканың «Мамелоди Сандаунс» клубтарымен 0:0 есебімен тең ойнаса, Оңтүстік Кореяның «Ульсан Хёндэ» командасын 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Одан кейін 1/8 финалда Италияның «Интерін» 2:0 есебімен жеңсе, 1/4 финалда Сауд Арабиясының «Аль-Хилялын» 2:1 есебімен орта жолда қалдырды.

Ал «Челси» D тобында АҚШ-тың «Лос-Анджелесін» 2:0, Бразилияның «Фламенгосын» 3:1, Мысырдың «Эсперансын» 3:0 есебімен жеңді.

Келесі кезекте 1/8 финалда Португалияның «Бенфикасын» 4:1, 1/4 финалда Бразилияның «Палмейрасын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетсек, Әлем чемпионатының жүлде қоры – 1 миллиард АҚШ доллары. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі.

Доп додасында 32 команда сынға түседі. Opta суперкомпьютері 2025 жылғы әлем чемпионатында қай команданың жеңімпаз атануы мүмкін екені жөнінде болжам жасады.

Аталған болжамға сәйкес чемпионаттың басты фавориті ретінде Францияның «Пари Сен-Жермен» командасының мүмкіндігі 18,5% пайызға бағаланады.