Клубтар арасындағы ӘЧ: «Челси» 1/8 финал жолдамасына ие болды

Фото: championat.com

АСТАНА. KAZINFORM - Англияның «Челси» командасы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты 1/8 финалына жолдама алды.

D тобында сынға түсіп жатқан англиялық клуб үшінші турда Мысырдың «Эсперанс» командасымен шеберлік байқасты. Алғашқы екі ойында небәрі ұш ұпай алған олар үшін бұл кездесуде жеңіске жету маңызды болатын. Нәтижесінде ойын барысында англиялық клуб қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Оны Тосин Адарабиойо, Лиам Делап, Тайрик Джордж өзінің еншісіне жазды.

Осылайша олар қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, өз тобында екінші орынға табан тіреді.

Бұл топта бірінші орын алған Бразилияның «Фламенго» командасы үшінші турда АҚШ-тың «Лос-Анджелес» клубымен 1:1 есебімен тең түсті.

Енді жарыстың келесі сатысында «Фламенго» мен «Челси» бақ сынайды.

Ал С тобында Португалияның «Бенфика» командасы Германияның «Бавариясын» 1:0 есебімен жеңсе, «Окленд Сити» (Жаңа Зеландия) мен «Бока Хуниорс» (Аргентина) 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Аталған топтан жарыстың келесі сатысына «Бавария» мен «Бенфика» шықты.

Топтық кезең ойындары жалғасады. Бүгін E және F тобындағы командалар жасыл алаңға шығады.

Еске салсақ, бұдан бұрын клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Пари Сен-Жермен» 1/8 финалға жолдама алды.