Клубтар арасындағы ӘЧ: «Манчестер Сити» алғашқы ойында жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM - Англияның «Манчестер Сити» командасы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатын сәтті бастады.
G тобында сынға түсіп жатқан ағылшындық клуб алғашқы турда Марокконың «Видад» клубымен кездесті. Олар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Сондықтан олар бірінші минуттан шабуылға ден қойды. Нәтижесінде Фил Фоден 2-минутта есеп ашты.
Одан кейін де олар толассыз шабуыл ұйымдастырды. Осындай сәттің бірінде Жереми Доку 42-минутта есепті үстемеледі.
Осылайша «Манчестер Сити» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
Енді аталған топтағы «Аль-Айн» (Біріккен Араб Әмірлігі) және «Ювентус» (Италия) кездесуі бүгін, 19 тамызда сағат 06:00-де басталады.
Ал H тобында ойнап жатқан Испанияның «Реал Мадрид» клубы бірінші кезедесуінде Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубымен 1:1 есебімен тең ойнады.
Ойын барысында испаниялық клубтан Гонсало Горрес 34-минутта мергендік танытса, арабиялық командадан Рубен Невеш 41-минутта таразы басын теңестіріп кетті.
Бұл топтағы «Пачука» (Мексика) және «Ред Булл Зальцбург» (Аустрия) ойыны бүгін, 19 тамызда сағат 03:00-де басталады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Интер» клубтар арасындағы Әлем чемпионатында тең ойынмен бастады.