Клубтар арасындағы ӘЧ: «Ювентус» пен «Манчестер Сити» 1/8 финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты 1/8 финалына шыққан барлық команда белгілі болды.
Алдымен G тобында Италияның «Ювентусі» англиялық «Манчестер Ситиге» 2:5 есебімен жол берсе, марокколық «Видад» БАӘ-нің «Аль-Айн»клубынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Ал H тобында Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» командасы мексикалық «Пачука» клубын 2:0 есебімен тізе бүктірсе, аустриялық «Ред Булл Зальцбург» Испанияның «Реал Мадридіне» 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Бұл топтан жарыстың келесі сатысына «Реал Мадрид» пен «Аль-Хиляль» жолдама алды. Енді 1 шілдеде «Реал Мадрид» пен «Ювентус», «Аль-Хиляль» мен «Манчестер Сити» ойнайды.
Жарыстың аталған сатысында 28 маусымда «Палмейрас» (Бразилия) пен «Ботафого» (Бразилия), «Бенфика» (Португалия) мен «Челси» (Англия) кездеседі.
Ал 29 маусымда «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Интер Майами» (АҚШ), «Фламенго» (Бразилия) мен «Бавария» (Германия), 30 маусымда «Интер» (Италия) мен «Флуминенсе» (Бразилия), 2 шілдеде «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Монтеррей» (Мексика) шеберлік байқасады.
Әлем мемпионатының жүлде қоры 1 миллиард АҚШ доллар. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі.