Бүгін футболдан клубтар арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатында жартылай финал ойындары басталады деп хабарлайды Kazinform .
Жартылай финалдың алғашқы жұбында 18 желтоқсанда «Аль-Ахли» (Египет) командасы «Флуминенсе» (Бразилия) клубымен кездеседі.
«Аль-Ахли» ширек финалда Сауд Арабиясының «Аль-Иттихад» 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Ал ширек финалда Жапонияның «Урава Ред Даймондс» ұжымы Мексиканың «Леонын» 1:0 есебімен сүріндірді.
Жапониялық команда енді жартылай финалда 19 желтоқсанда «Манчестер Сити» (Англия) клубымен шеберлік байқасады.
22 желтоқсанда финал мен 3-орын үшін ойындар өткізіледі.
Бұл - аталған форматта өтіп жатқан соңғы турнир.
2025 жылдан бастап клубтар арасындағы әлем чемпионатында 32 команда қатысады деп жоспарланып отыр.
Аталған дода 2000 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Бұған дейін 11 команда жеңімпаз атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.