ҚМА 103 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге көмектесті

Фото: Коллаж: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қаржылық мониторинг агенттігі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды салу кезінде жобалау–сметалық құжаттаманы тексеру арқылы 61 құрылыс жобасының заңсыз әрекетін әшкереледі. 

Алпыстан аса құрылыс жобасынан мемлекетке шамамен 103 млрд теңге үнемделді. 

Мәселен, Қарағанды облысында «Қарағанды Су» ЖШС негізгі су тазарту құрылыстарының блоктарын қайта жаңарту» жобасының ЖСҚ әзірлеу сатысында құбыр бұйымдарының 5 түрінің артық құны анықталды, - делінген хабарламада.


Бағаны асыру ұқсас тауарлардың бағасын және басқа жеткізушілердің балама ұсыныстарын салыстыру арқылы анықталды.

Атқарушы органмен бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша жобаның мәлімделген сметалық құны 6,1 млрд теңгеге төмендетілді.

Басқа жағдайда, Ақтөбе қаласында «Моисеевкий су тартқышының құрылысы» жобасын іске асыру кезінде су резервуарларының көлемі азайтылып, бұл 827 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді, - деп хабарладаы агенттіктен. 

Резервуарлар көлемінің өзгеруі құбырлар мен сорғылардың мөлшерін өзгертуге себеп болды, соның нәтижесінде үнемдеу шамамен 20 млрд теңгені құрады.

Бұл бағыттағы жұмысты ҚМА еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіп отыр. 

Айта кетейік, ҚМА бюджет қаражатын ұтымды пайдалану және қылмыстық жауаптылыққа тартпай, ерте кезеңде жымқыру тәуекелдерін болдырмау арқылы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында мемлекет пен адал бизнестің мүдделерін қорғауға бағытталған.