ҚМДБ: Биыл Ораза айы 29 күнге созылады
15:51, 24 Мамыр 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті.
Мәжіліс жұмысына ғұлама-ғалымдар, Діни басқарманың облыстардағы өкіл имамдары қатысты. Басқосуда Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды.
Биыл хижри күнтізбесі бойынша Ораза 29 күнге созылады. Ал Рамазан айы 2016 жылдың 6 маусымында басталады, деп хабарлады muftyat.kz сайты.