Muftyat.kz сайтындағы мәліметке қарағанда, тараптар әлемдік халал индустрияның жай-күйін талқылап, осы тарапта ынтымақтасу әрі тәжірибе бөлісу мәселелерін қозғады. Айта кетерлігі, ҚМДБ жуырда «Халал» белгісі бар өнімдерді бақылау әрі стандарттау үшін аталмыш бөлімді ашқан болатын.
Бейбіт Мырзагелді татарлардың сертификаттау жүйесімен жете танысады. Қазақстан делегаттары осы сапар барысында шариғат талаптарына сай өнім өндіретін кәсіпорындардың жұмысын өз көзімен көреді.