Аймақтағы, облыстағы бас имамдардың қатысуымен өтіп жатқан басқосуда ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев Республика бойынша 751 мешітте сауат ашу курстары жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2015 жылы осы сауат ашу курстарында 45 456 (оның ішінде 31 789-ы - ер, 13 667-і әйел) адам Ислам құндылықтарын үйренді. Балаларға арналған жазғы курстарда 12 152 оқушы имамдардың тәлімдік дәрісін тыңдады.
Елордада кеше басталған ҚМДБ-ның Үлкен Төралқа мәжілісі ертең де жалғасын табады.