«Еліміздің кейбір аймақтарында орыс тілді жамағатымыз имамдардың қазақ тілінде айтқан насихаттарын түсінбей жататын жағдайларды байқаймыз. Солтүстік аймақтарда орыс тіліндеге уағыздарға сұраныс көп. Осыны ескере келе, бауырларымызға ұғынықты болу үшін арнайы насихат тобын жасақтау жайлы ұйғарым жасадық», - деді Серікбай Сатыбалдыұлы.
Насихат тобының құрамына орыс тілін жетік меңгерген, діни һәм дүниеуи сауаты жоғары, халыққа даналықпен көркем уағыз айта алатын дінтанушылар мен имамдар енді. Республика бойынша екі топ (5 адамнан) жасақталып, аймақтарда уағыз айтуға кіріспек.