Бұл туралы Алматы орталық мешітінің сайтында хабарланды.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, еліміздегі барлық діндарлардың және жеке өз атымнан, құрметті президент сізге және бүкіл Татарстан халқына біреудің қатыгездік пиғылының құрбаны болған, Татарстан Республикасы бас мүфтиінің орынбасары Валиулла Якуповтың мезгілінен бұрын және қайғылы қаза болуына байланысты қайғыра көңіл айтамын. (...). Валиулла хазрет исламға адал қызмет етті, басына түскен сынақтарға шыдамдылықпен төзді. Ол жаңа буынға табандылық пен батылдықтың, сондай-ақ лайықты өмір сүрудің үлгісі болды», - делінген Қазақстан бас мүфтиінің Татарстан басшысы Рустам Миннихановқа жолдаған жолдамасында.
Ә.Дербісәлі сондай-ақ Қазақстанның барлық мұсылмандары бас мүфти Ильдус хазрет Фаизовтың тезірек жазылып кетуіне тілектес екендігін атап өтті.
Еске салайық, белгісіздер 19 шілде күні Қазанда бас мүфти Ильдус хазрет Фаизовтың машинасын жарып жіберді. Ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Шамамен осы уақытта өз үйінің алдында оның орынбасары Валиулла Якупов атып өлтірілді. Алған жарақаттардан ол көз жұмды. Дін қызметкерлеріне жасалған шабуыл лаңкестік деп танылды.