ҚМЭБИ-де әлемдік деңгейдегі спорт орталығы ашылды

АЛМАТЫ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыдағы Қазақстанның Менеджмент, экономика және болжау институтында әлемдік деңгейдегі спорт орталығының салтанатты ашылу рәсімі болды.

Аумағы 785,1 шаршы метрді қамтитын орталықтың көп бөлігіне баскетбол, волейбол, үстел теннисі және таэквондо секілді спорт түрлері алаңдары орналасқан. Орталықта салтанатты ашылу рәсімінен соң үстел теннисі мен баскетболдан алғашқы жарыстар да басталып кетті.

Алдағы уақытта бұл спорт залынан басқа тағы 2 жаттығу залы ашылады деп жоспарланып отыр. Оның бірі кардио-фитнеспен айналысуға, ал екіншісі күш жаттығуларына арналмақ.